- Басты
- Жаңалықтар
- 62 ЖОО-да құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері кіретін Қамқорлық кеңестері жұмыс істейді – БҒМ
62 ЖОО-да құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері кіретін Қамқорлық кеңестері жұмыс істейді – БҒМ
Аталған бағдарлама шеңберінде негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында корпоративті басқару жүйесі қалыптасуда, жоғары білім саласы бойынша, еліміздің 62 ЖОО-да құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері кіретін Қамқорлық кеңестері жұмыс істейді. 9 ЖОО-да Бақылау кеңестері бар. Мектептер мен колледждерде Қамқорлық кеңестері құрылуда (2015 ж. - 45%, 2020 ж. - 60%).
Олар білім беру ұйымының даму стратегиясын анықтап, негізгі қызметтерді тағайындаумен және қаржымен жұмыс барысын бақылаумен айналысулары тиіс. Бақылау кеңестерінің маңызын арттырудағы басты шарт – оның құрамына ата-аналар, жұмыс берушілер, мемлекеттік емес ұйым өкілдері және түрлі салалық қауымдастық өкілдерінің кіруі.
Министрлікте жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасын сақтау Комиссиясы құрылып, жұмыс істеуде. ЖОО-дағы жемқорлықпен күрес үшін арнайы Кеңес құрылды. Құрамына Қоғамдық тұлғалар кіретін Жемқорлыққа қарсы күрес үшін Қоғамдық кеңес бар.
«2011-2015 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрестің салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты міндеті – жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы жетілдіре түсу, жемқорлықпен күресуде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Министрлік сарапшыларымен бірге оқу орындарында жемқорлыққа қарсы күреске баулитын әдістемелік құрал жасалып жатыр. Сонымен қатар, «Құқық негіздерінің» типтік бағдарламасына жемқорлықпен күреске қатысты тақырыптар енгізу жоспарлануда. Тақырып пән мазмұнының 15% құрайды.
ЖОО жұмыстарының айқындығы үшін ондағы жемқорлықпен күресу үшін арнайы портал ашуға қатысты жұмыстар жүргізілуде.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары