- Басты
- Жаңалықтар
- Қазагромаркетинг АӨК субъектілерінен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауда
Қазагромаркетинг АӨК субъектілерінен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауда
Бұған дейін компанияның Ақмола облыстық филиалы өтінімдер қабылдауды бастағанын хабарлаған болатын.
Белгілі болғандай, инвестициялық субсидиялау былтырдан бері «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.
«Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді. Бағдарлама шарттарына сәйкес инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесінің орнын толтырады. Субсидиялау 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануға берілген жобалар бойынша іске асырылады», - делінген хабарламада.
Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №421 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
«Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Бағдарлама республиканың барлық аумағы бойынша жүзеге асырылады. Жақын арада өтінімдер басқа аймақтарда да қабылдана бастайды.
2014 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 1 124 жоба бойынша 13,02 млрд. теңге сомасындағы субсидиялардың төленуі мақұлданды. Бағдарламаға еліміздің барлық облыстары мен Астана қаласының АӨК субъектілері қатысқан болатын. Барлық жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды