2015 жылы Қызылордада қуаттылығы 12 тонна күріш өңдейтін зауыт ашылады

23 Ақпан, 2015 09:31
Елiмiздегi аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі айтарлықтай өсті. Өткен жылы аталған саланы қолдауға жергілікті бюджеттен 8,0 млрд.теңге бөлініп, 2013 жылмен салыстырғанда 47 % артқан, деді дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстары агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізіліп, уақытылы жинап алуға қол жеткізілді. Бастапқы салмақта 371 мың тонна дәнді дақылдар жиналып 2013 жылмен салыстырғанда 32,7 мың тоннаға артты», - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішев.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы ауылшаруашылығы саласында құны 6945 млн.теңгенің 9 инвестициялық жобасы жүзеге асырылатын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі. Сондай-ақ, «АгроЭкоПродукт» ЖШС Қызылорда қаласында 5,7 гектар көлемдегі өндірістік жылыжай құрылысын жүргізіп жане «Жан-Арай» ЖШС Қызылорда қаласында қуаттылығы сағатына 12 тонналық күріш өңдеу зауытын іске қосуды 2015 жылға жоспарлануда. 

 

 

Барлық жаңалықтар