- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде Әлия Молдағұлованы еске алу күні өтті
Семейде Әлия Молдағұлованы еске алу күні өтті
2015 жылы Әлия 90 жасқа келуші еді. Іс-шараның басты мақсаты – Жас Ұлан ерлер лицейінің оқушыларын, әскери кафедра студенттерін ұлттық батырымыздың өмірі және ерлігімен таныстыру, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлия Молдағұлова – совет мергені, Ұлы Отан соғысы жылдары 2-ші Балтық маңы майданы, 22-ші армиясы, 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті, ефрейтор. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Әлияның есебінде жаудың жойылған 78 офицері мен солдаты бар.
Оның есімі адалдық пен туған елге қызмет етудің символына айналды. Еске алу кеші барысында көркем-деректі фильм көрсетілді. Онда ұлттық батырымыздың өмірлік жолы мен ұрыс алаңындағы ерлігі паш етілді. «Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілері, соғыс және еңбек ардагерлерінің халық хоры, ҚазГЗУ әскери кафедра хоры «Қазақстан жері», «Снег на погонах», «Победа», «Әлия», «Баллада о солдате», «Мать солдата», «Письмо из 45 года», «Марш военной кафедры КазГЮИУ», «Марш студентов-воспитателей военной кафедры КазГЮИУ» атты әндерді орындады.
Әс-шара соңына қарай жиналғандар Ұлы Отан соғысының ұрыс алаңдарында еліміз жеріміз үшін жандарын қиған батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Еске алу күнінде Семей қ. әскери кафедра мен колледж студенттері, Жас Ұлан ерлер лицейінің оқушылары және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары