Қызылордада ҚХА құрылуының тарихы түсіндірілді

23 Ақпан, 2015 08:54
Жуырда Қызылорда облысының мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы аясында «Достық – біздің тірегіміз» тақырыбында кездесу өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Шара барысында Мұрағат директоры Н.Қуанышева, Қызылорда қаласының құрметті азаматы М.З.Подольский, «Облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы» ММ-нің бөлім басшысы У.С.Ибраев, Мұрағаттың бөлім басшысы Ж.Алтынбаева, облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері сөз алып, Елбасының бастамасымен құрылған, биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қалыптасуында маңызды роль атқаратындығын баса айтты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мұрағат қорындағы құжаттардан «Қазақстан –баршамыздың ортақ Отанымыз»  атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 1890 - 2013 жылдар аралығындағы әр этнос өкілі мен қазақ халқының достығынан мәлімет беретін құжаттар қойылды. 

Барлық жаңалықтар