ШҚО-да 2015 жылы «БЖК-2020» бағдарламасына 1,8 млрд теңге бағытталады

22 Ақпан, 2015 14:28
«Бизнестің жол картасы-2020» аясында кәсіпкерлік бастамаларға көмек көрсету шараларын жүзеге асыру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, 100 жоба пайыздық қойылым бойынша субсидияланады. 3 млрд теңге 10 жоба бойынша өндірістік инфрақұрылымның жүзеге асырылуына бағытталады.

Белсенді кәсіпорындардың саны 3 пайызға ұлғаяды, өндірістік шығарылым – 5 пайызға, шағын және орта бизнес саласында еңбек ететіндер саны 3 пайызға өседі. 

Барлық жаңалықтар