2015 жылы ШҚО-да 1 мыңнан астам үй салынады

22 Ақпан, 2015 18:23
Жыл соңына дейін 19 көп қабатты және 1429 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлаы облыс әкімдігі.

Жыл соңына дейін 19 көп қабатты және 1429 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде 2975 жұмыс орны ашылады және 7996 адам тұрғын үймен қамтылады.

Ұлттық қор қаражатына «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы қолжетімді тұрғын үйлер салынады.

Өскемен және Семей қалаларында 6 үй құрылысына «Ертіс» ӘКК  әр қалаға 1,5 млрд.теңгеден 3 млрд.теңге, бөліп отыр. Оның ішінде 4 үй бюджет қаражаты есебінен және 2 – мемлекеттік –жеке меншік әріптестік принципі бойынша салынады.

 

Барлық жаңалықтар