- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында бөлімшелерді жауынгерлік үйлестірудің бірінші кезеңі өтті
Жамбыл облысында бөлімшелерді жауынгерлік үйлестірудің бірінші кезеңі өтті
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жаңа оқу жылындағы бұл кезең бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруды пысықтау жүйесіндегі алғашқы қадам болып табылады. Жауынгерлік үйлестіру дегеніміз бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Оның мақсаты жүктелген функионалдық міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Әскери қызметшілер Айша Бибі полигонында техниканы, қаруды жауынгерлік қолдануға дайындау, жергілікті жерді қарсылас көзінен бүркемелеу, далалық жағдайда медициналық көмек көрсету мәселелерін, инженерлік жабдықтау әдіс-тәсілдерін зерделеді.
Далалық жағдайда оқытуды ұйымдастыру үшін түрлі тақырыптар бойынша оқу-жаттығу нүктелері жабдықталды Жауынгерлік атыстар басталар алдында 85395 әскери бөлімі жеке құрамымен батальон командирі майор Жаннұр Сатқыновтың жалпы жетекшілігімен инструкторлық-әдістемелік сабақ өткізілді. Ұрысты моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мәселесіне жеке көңіл бөлінді.
Бұл тақырыптағы сабақты мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары капитан Бекболат Жандарбеков өткізді. Ол кез келген оқу-жаттығу мен далалық сабақтардағы табыс кепілі – әскери қызметшілердің жоғары жауынгерлік рухы екендігін атап өтті. Оны жоғары ұстау үшін әскери қызметшілер әскери істі жете меңгеріп, өздерінің даярлығы мен далалық дағдылатын жетілдіріп отыруы қажет.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті