- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісті
Қазақстан мен АҚШ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісті
Келіссөздер барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ қалыптасқан әріптестікті одан әрі дамыту үшін шарттық-құқықтық негізді нығайтуға өзара мүдделілік білдірді, деп хабарлады Бас прокуратура.
Сұхбаттасушылар зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жасау бойынша болып өткен саммит жөнінде пікір алмасты. Тараптар осындай ғаламдық форумның өткізілуі жаңа әлемнің қауіп-қатерлерінің алдын-алу бойынша тиісті шаралар дайындауда елеулі қадам болып саналатынын атап өтті.
Сондай-ақ тараптар ведомствоаралық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан және АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қою Қазақстан Бас Прокуроры А.Дауылбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының қорытындысы болды. Бұл Америка Құрама Штаттарының Орталық Азия елдерімен қол қойған осы сипаттағы алғашқы келісімі.
Тараптар атап өткендей, құжатқа қол қою қылмыстылыққа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам екендігін, екі жақтың да қылмыстық-құқықтық саладағы құзіретті органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға ықпалдастық ететін болады.
Қазақстан Бас Прокуроры келісімге қол қоюдың қазақстандық-америкалық құқықтық ынтымақтастықты нығайтудағы, қылмыспен күресудегі екі елдің күштерін жұмылдырудағы тарихи маңызды әрі елеулі оқиға болып табылатынын атап көрсетті.
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету қылмыспен күресудегі маңызды элемент болып табылады және өзара ықпалдастықты тереңдетуде кең мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан және АҚШ құқық қорғау органдары арасында қазіргі таңда сапалы жағынан жаңа деңгейге көтеріліп отырған өзара тиімді ынтымақтастықтың динамикалық тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан да осы оқиға Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің артуының, елдегі демократиялық институттарды қалыптастырудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етудің жалпыға танылған тетіктерін құрудағы жетістіктерін мойындаудың сөзсіз айғағы болып табылады.
Келісімге қол қою, екі елдің ішкі мемлекеттік рәсімдері аяқталған соң, қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардыңтергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында, сонымен қатар қылмыстық істерге қатысты тексерулер жүргізу бойынша бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Құқықтық көмек көрсету туралы тараптардың өзара сұраныстарын орындауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі өзара іс-қимылды нығайту және әрекет етуші тетіктерді құру мәселесі ерекше маңыздылыққа ие бола бастайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция