Қазақстанның автобизнес қауымдастығы ҚХА бастамасын қолдайды

21 Ақпан, 2015 10:29
Қазақстанның автобизнес қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдады.

«Қазақстандық автобизнес қауымдастығы ағымдағы жылы кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын қолдап отыр. Біздің қауымдастықтың қызметі автомобиль нарығы мен көлік саласының үнемі жаңғыртылуы үшін қызмет етеді. Бүгінде автомобиль саласы қалыптасып дамудың жаңа кезеңіне шығуда», - делінген үндеуді  AllurGroup автомобиль компаниясының басқарма төрағасы Андрей Лаврентьев оқып берді.

Ол атап өткендей, барлық мемлекеттік бағдарламалар саланың тұрақты дамуына бағытталған, олар Үкіметтің тиімді қадағалауында.

«Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгін Қазақстан аз уақыт ішінде экономикалық өсімнің көшбасшысына айналған  әлемдік деңгейдегі мемлекет. Елбасныың төрағалығымен жүргізіліп  жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Біздің барлық жеңісіміз Елбасымен байланысты», - деді А.Лаврентьев.

«Біз жауапкершілікпен ҚХА бастамасын қолдап отырмыз. Барлық қазақстандықты өзінің тарихи таңдауын жасауға шақырамыз», - деді ол.

Айта кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынған болатын. Бүгінгі таңда бірқатар саяси ұйымдар мен партиялар ҚХА бастамасын қолдады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар