- Басты
- Жаңалықтар
- 10 мыңнан астам қазақстандық баламалы қызмет түрін пайдаланады - ҚМ
10 мыңнан астам қазақстандық баламалы қызмет түрін пайдаланады - ҚМ
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, қандай да бір себептермен бұрын әскери қызмет өткермеген 22-ден 27 жасқа дейінгі азаматтар үшін бұл мерзімді қызметтің жақсы баламасы бола алады. Өйткені Қазақстанның 15 қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резерв даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту мерзімді қызмет өткерумен теңестіріледі.
«Оқуға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық тексеруден өтіп, жергілікті әскери басқару органдарынан (бұрынғы әскери комиссариаттар) жолдама алады және 1,5 ай бойы әскери мамандықты меңгереді. Оқу кезеңде білім алушының жұмыстан немесе оқу орнынан шығарылуына жол берілмейді. Олар оқу демалысына жіберіледі», - делінген хабарламада.
Әскери мамандардың дайындық сапасын тексеру үшін бітіру емтихандары тапсырылады. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін тәрбиеленушілерге әскери билетті алуға негіз болатын алған мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, сертификаттар беріледі. Жергілікті әскери басқару органдары өз кезегінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы дайындықтан өтті деген белгі қойылған әскери билетті береді және әрқайсысын қатардағы жауынгер атағымен әскери міндеттілер есебіне тіркейді.
Ақылы оқу Қазақстанда 2013 жылы наурыз айында «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер негізінде жүзеге асуда. Айта кетейік, осындай қызмет түрі Орталық Азия аймағындағы елдер арасында Қырғызстан мен Өзбекстанда да қолданылып жүр.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді