- Басты
- Жаңалықтар
- Қапшағайда кинологтар, жүргізушілер мен жарылыс ісінің мамандары даярлықтан өтті
Қапшағайда кинологтар, жүргізушілер мен жарылыс ісінің мамандары даярлықтан өтті
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жеке даярлық– әскери қызметшілерді алдарына қойылған міндетті өз бетінше және бөлімше құрамында орындауға дайындауды білдіреді. Осындай жаттығулар нақты әр маманның жеке ерекшеліктерін ескере отырып үйретуді талап етеді.
Жеке құрамды оқыту барысында инженерлік оқ-дәрілердің, техника мен мүліктің әрекет ету принциптерін және оларды қолдану әдістерін зерделеуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл іс-шараның мақсаты – кинологтар, КрАЗ-255кп жүргізушілерін және жарылыс ісі мамандарын даярлау. Олар қойылған міндеттерді күрделі жағдайларда инженерлік қару-жарақты штаттық мақсаттарына сәйкес түрлі тәсілмен қолдана отырып орындады.
Жаттығулар барысында 2-ші инженерлік-саперлік батальоны инженерлік кедергілер взодының бөлімше командирі кіші сержант Болатбек Тұсынханұлы, 2-ші инженерлік-саперлік батальоны инженерлік-саперлік взводының жүргізушісі кіші сержант Берік Әділбаев пен 2-ші инженерлік-саперлік батальоны инженерлік кедергілер взводының саперы қатардағы жауынгер Кенжебек Ахановтар ерекше көзге түсті. Жеке даярлық сабақтары бір айға созылды.
Содан кейін әскери қызметшілер бөлімше құрамында үйлесімділікке қол жеткізу жөніндегі топтық даярлық жаттығуларына көшті. Олар енді бөлімшелер құрамындағы іс-қиылдарын пысықтайтын болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді