Руслан Төлегенов

4 Қазан, 2013 14:19

Руслан Төлегенов 1972 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Мемлекеттік Университетті заң факультетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1992 жылы «Байлық» ЖШС сатушы болудан бастады.

1996 жылы облыстық тұтыну кеңесіне жұмысқа тұрды.

1998-2000 жылдар аралығында «Арман» ЖШС-нің директоры болып қызмет етті.

2000 жылдың қазан айынан бастап «Мүгедектердің жастар қоғамы» ҚҚ төрағасының орынбасары болды.

2004-2013 жылдар аралығында «Мүгедектердің жастар қоғамы» ҚҚ төрағасы болды.

2007-2009 жылдар аралығында «Жамбыл облыстық жастар ұйымы қауымдастығында» ЗТҚ президенті қызметін атқарды.

2012 жылы «Жамбыл облыстық мүгедектермен жұмыс істеу «АСАР» ұйымдар кеңесі» ЗТҚ басқарды.

Қазіргі уақытта Жамбыс облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселесі бойынша кеңесшісі.

«Бала кезімнен бастап екінші топ мүгедек болғандығымнан мүгедектер өмірінің қиындықтарын мен өзімнің жеке тәжірбиемнен білемін. Тоқсаныншы жылдары еліміз тәуелсіздік алғанда мемлекеттегі экономикалық және саяси қиындықтар мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы бірлік пен ынтымаққа, мүмкіндігі шектеулі жандардың қорғалуына кедергі келтіре алмады

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, мемлекетіміздің саясаты сол кездерден бастап еліміздің азаматтарына әлеуметтік қамсыздандыруды іске асырумен келді. 
Жыл сайынғы жолдауында Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қамсыздандыруына көп көңіл бөледі.

Мен өзімнің мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеген еңбек тәжірбиемде әлеуметтік саладағы экономикалық және қаржылық өсімді байқай алдым.

2000 жылдардың басында әлеуметтік жобалардың көпшілігі шет елдік грант берушілер тарапынан қаржыландырылған. Алайда уақыт өте келе мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандар құқығының қорғалуына бағытталған бағдарламаларда өзінің позициясын мықтай түсті. Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектерге арналған әлеуметтік жобаларға бағытталған бағдарламаларды қамту мен іске асыруда мемлекеттің толықтай жұмыс істеп жатқанын сенімді түрде айта аламыз.

Сондықтан да біздің еліміз мүгедектер құқығын қорғау Конвенсиясының халықаралық міндеттемелерін орындап отыр.  

Біз, қазақстандықтар, посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып мүмкіндігі шектеулі жандардың сәтті бейімделуі, қоғамға кірігуі мен әлеуметтенуі үшін әлеуметтік пакеттерді өсіріп келеміз. Мұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасы.

Өзінің соңғы жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы мүгедек жандардың қорғалуы мен қолдауды нақтылап айтты. 
Мен жұмыс бабыммен мүгедектердің қиындықтарына жиі кездесемін. Сол қиындықтар тағы да жұмыс барысында шешімін тауып жатады. Бұл Елбасының тапсырмасымен мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ден қойғанының көрінісі!», - деді Р.Төлегенов.

Барлық жаңалықтар