- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 200-ге жуық әскери қызметші шаңғы жарысына қатысты (Фото)
Астанада 200-ге жуық әскери қызметші шаңғы жарысына қатысты (Фото)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жеке шаңғы жарысына қатысушыларға 2,5 және 5 км аралықты бағындыру міндеті қойылды. Шаңғы спорты бойынша жарыс – ҚР Қарулы Күштерінде 2015 жылдың қаңтар айының соңында басталған әскери-қолданбалы ұлттық спорт және ойын түріндегі, жыл сайынғы 5-ші спартакиаданың бірі, аталған жарыс қазан айында аяқталады.
Осы уақыт аралығында жарысқа (тоғыз құмалақ, шаңғы спорты, гимнастикалық жаттығулар, кіші теннис, мини-футбол, табельді КА-1 және МП-1 қаруынан оқ ату, волейбол, жүзу, көпсайыс, жеңіл атлетика) спорттың 10 түрі бойынша 2 400 әскери қызметші қатысады.
Таңдалған әр спартакиадағы спорт тәртібі әскери қызметшілердің дене дайындығын, логикасы, ойлау қабілетінің дамуын, іс-әрекет жылдамдығын жақсартуға бағытталады, ал топ құрамында қатысу жеке құрамының ынтымағын арттыра түседі. 2,5 км аралығында шаңғы жарысының қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды капитан А.Қ. Қадырова, екінші орынға сержант Д.А. Садырбаева, үшінші орынды капитан Е.М. Озбоева иеленді.
Ерлер арасындағы 5 км аралығында жас шамасы бойынша бес түрлі санатта шаңғы жарысы өтті. Сайыста бірінші жүлделерге подполковник Д.Е. Аханов, майор А.Р. Штерман, майор С.В. Прохоров, аға лейтенант Е.В. Ерастов., О.Д. лейтенант Дулатов ие болды. Жалпы топтық есепте 14776 ә/б әскери қызметшілері үздік шықты, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасы екінші жүлдеге, Оқ-дәрілер бас басқармасы үшінші жүлдеге ие болды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған