• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Франция қылмысқа қарсы күрес саласының ынтымақтастығын талқылады

Қазақстан мен Франция қылмысқа қарсы күрес саласының ынтымақтастығын талқылады

22 Ақпан, 2015 16:42
Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу қатысушылары қылмысқа қарсы күрес саласына, әсіресе экстремизм мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға қатысты екіжақты халықаралық ынтымақтастықты сөз етті.

Франция жағы ҚР ІІМ-ні қызықтырған бағыттар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Кездесу өзара түсіністік жағдайында конструктивтік диалогқа құрылды.

 

Барлық жаңалықтар