Италия компаниясы Ақтауда зауыт салуға мүдделі - ИДМ

20 Ақпан, 2015 19:30
ҚР инвестициялар және даму министрлігінде «Tenaris» компаниясының басшыларымен Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар құю (тарту) жөнінде кездесу өтті.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлағандай, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Италия премьер-министрі Маттео Ренцинмен келісімі жаңа өріс алды.

Компанияның Қазақстандағы бас директоры Хуан Хуаникотена Қарашығанақ кен орнындағы мұнай-газ жобасы бойынша ынтымақтастық аясында Tenaris-тің жергілікті аумақтардағы жұмыстарын қолдау мақсатында Ақтау қаласында құбырларға ойма салу желісінің сыйымдылығы 45 000 тонна/жыл болатын жаңа цех құрылысына 40 миллион АҚШ долларын салатындығын жария етті.  Қазірігі уақытта «Ақтау теңіз порты» АЭА-мен келісімшарт жасасу рәсімі өтуде. 

Компания өкілдерінің айтуларына қарағанда, Қазақстанда өндіріс құру жөніндегі шешім елдегі тартымды инвестициялық ахуалы және Ақтау АЭА-ның инфрақұрылымының жақсы дамығандығының арқасында қабылданды.

Зауыт құрылысының басталуы наурыз айына, ал аяқталуы келесі жылдың басына жоспарланып отыр. Кәсіпорында 90 адам жұмыс жасайтын болады (оның 90% жергілікті тұрғындардан тартылады). Жұмысшылардың біразын Румыниядағы  «Тенарис» жаңа зауытында оқыту жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар