- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев арендалық тұрғын үй салу мәселелері бойынша кеңес өткізді
Б.Сағынтаев арендалық тұрғын үй салу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Кеңес барысында орталық атқарушы органдардың, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері басшылары осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы баяндады.
Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке әлеуметтік арендалық тұрғын үй салып, сатып алу құқығымен барынша төмен пайыздармен халыққа ұсынуды тапсырған болатын.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға және сатып алуға 250 млрд. теңге жұмсалады, үй салушылардан жалпы ауданы 1 483 мың шаршы метр болатын 29 мың пәтер сатып алу жоспарланған. Биылғы жылдың наурыз айында Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында ауданы 76,5 мың шаршы метр болатын алғашқы 1 357 пәтер тапсырылады. Барлығы биылғы жылы 78,7 млрд. теңге сомаға жалпы ауданы 505,3 мың шаршы метр болатын 8 616 пәтер салынып, сатып алынады.
Талқылау қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге құрылысты уақытылы аяқтап, тұрғын үйді кезекте тұрғандарға үлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері

