- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі және «Самұрық-Қазына» кәсіпқой спортты дамыту саласында ынтымақтастық орнатады (ФОТО)
Астана әкімдігі және «Самұрық-Қазына» кәсіпқой спортты дамыту саласында ынтымақтастық орнатады (ФОТО)
Астана әкімдігінен хабарлағандай, қала әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қол қойған меморандум өзара ынтымақтасты жетілдірудің, атап айтқанда, Елбасының қолдауымен 2012 жылдың желтоқсанында құрылған «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубын дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеудің басым бағыттарын белгілейді.
«Елбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және кәсіпқой спорт салаларына қатысты тапсырмаларын орындау – біздің ортақ міндетіміз. Әкімдік пен «Астана» спорт клубының бірлескен әрекеті негізінде біз дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын арттырып, елорданың спорттық нысандар желісі мен сауықтыру демалыс инфрақұрылымын кеңейтуіміз қажет. Әкімдік өз тарапынан дене шынықтыру және спортты дамыту мен насихаттау бойынша клубпен кез келген уақытта ынтымақтасуға дайын», - деді қала әкімі.
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Астана қаласы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кәсіпқой спортты дамыту бағытындағы бірлескен қолдау шаралары болашақта қазақстандық спортшылардың халықаралық сайыстарда жарқын жеңістерге жетулеріне септігін тигізуі тиіс.
Қазіргі уақытта «Астана» ПКСК құрамында отандық ең үздік спорт клубтары – әлемге әйгілі кәсіпқой велокоманда, баскетбол және футбол клубтары, «Барыс» хоккей клубы, Дакар жолдарын бағындырған «Astana motorsports» командасы, «Astana Arlans» боксшылары, ат сайыс пен судағы поло командалары және ұлттық күресті дамытуға арналған бірегей «Қазақстан барысы» жобасы шоғырланған. Сонымен қатар, «Астана» брендімен ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин және конькимен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2015 жылғы төрт құрлықтың чемпионы Денис Тен есімдері дүние жүзіне танылып жүр.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы