- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіхалықова: Барлық іс-шаралар «Менің елім – Мәңгілік Ел» басты идеясын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс
Г.Әбдіхалықова: Барлық іс-шаралар «Менің елім – Мәңгілік Ел» басты идеясын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс
Сапар аясында Г.Әбдіқалықова білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын аралап, этномәдени бірлестіктердің және өңірдегі әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті.
«Мемлекеттік хатшы Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстың этномәдени бірлестіктер өкілдерімен өткізген кездесуінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылын өткізудің қоғамдық-саяси мәні жоғары екенін айтты. Г.Әбдіқалықова барлық іс-шаралар «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты басты идеяны, бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға бағытталуға тиістігін атап көрсетті», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов 2014 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблеясының жұмыс жоспарлары туралы және өңірде ҚХА жылын өткізу жөнінде баяндады.
Сондай-ақ «ҚХА – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, облыс Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі А.Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» және «Қазақ халық педагогикасының теориялық негіздері» атты кітаптарын Орталықтың депозитарийіне тапсыру рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары аясында 270 орынға арналған Шымкент қалалық балалар ауруханасын салтанатты жағдайда ашып, жаңа мекеменің медицина қызметкерлеріне балаларды сауықтыру ісінде табысқа жетуге тілектестік білдірді. Бұл ауруханада 15 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам жеткіншек жыл бойы стационарлық ем алады.
Бұдан кейін Г.Әбдіқалықова апатты жағдай себептеріне байланысты қайта қалыпқа келтіріліп, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясына барды. Мектепте жоғары санаттағы 47 педагог, оның ішінде 2 педагогика ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспозицияларды аралап көрді.
Сапар соңында Г.Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысының әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында отбасылық-демографиялық саясатты дамыту мәселелері, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатты жүргізуге әйелдердің белсене араласуы, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мәселелері талқыланды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын