• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Сан-Марино өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Сан-Марино өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықты талқылады

21 Ақпан, 2015 11:39
Рим қаласында ҚР Ұлттық экономиканың вице-министрі Т.Жақсылықов бастаған қазақстандық делегация Сан-Марино Республикасының делегациясымен екіжақты келіссөздер өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Келіссөздерге Сан-Марино тарапынан Индустрия, қолөнер және сауда мемлекеттік хатшысы М.Ардзилли, Туризм мемлекеттік хатшысы Т.Лонфернини, Сауда және көлік мемлекеттік хатшылығының, Орталық Банкінің өкілдері қатысты. Кездесу қазақстандық-италиялық Үкіметаралық жұмыс тобының 7-ші отырысы аясында өтті», - делінген хабарламада.

Тараптар өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Туризм және банк салаларында ықпалдастық орнату мүмкіндіктерін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сан-Марино өкілдері екі мемлекет арасында шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, тараптар жақын арада тиісті ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

 

Барлық жаңалықтар