- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлан Нығматулин: Үкіметтік нұсқада Елбасының көлікке және үйге салық салғанда теңгермедік әдісін қолдану тапсырмасы ескерілмей отыр
Нұрлан Нығматулин: Үкіметтік нұсқада Елбасының көлікке және үйге салық салғанда теңгермедік әдісін қолдану тапсырмасы ескерілмей отыр
Мәжіліс Спикері үкіметтік нұсқада негізгі салмақ көлемі 3 мыңнан 4 мың текше см-ге дейінгі көліктерге түсетіндігін, сондай-ақ, олардың жылы, тозығы ескерілмейтіндігін және көлемі 4 мың текше см-дан асатын темір тұлпарлардың салығын ұлғайту қаралмағандығын ескертті.
- Сонда көлемі 4-мың текше см-дан, 5-тен, 6-дан асатын, ерекше санатқа жатқызылатын көліктер қайда? Мысалы, бір жарым миллион еуро тұратын, қозғалтқыш көлемі 6 мың текше см Мазератти көлігіне салынатын салық он жыл бұрынғы, көлемі 4 мың текше см Тойота-Прадомен бірдей болғаны ма,-деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс Төрағасы жылжымайтын мүлікке салынатын салықтың олқы тұстарын да назардан тыс қалдырмады.
Алаңы 150 шаршы метрден асатын пәтерлер мен 300 шаршы метрден асатын жеке меншік үйлерге салық көлемін 3 есе жоғарлататын коэффициент туралы айта келіп, Нұрлан Нығматулин онда, ең алдымен, баспананың нақты құны есепке алынбағандығын атап айтты.
- Сіздердің коэффициент үйдің сапалық сипаттамасына да, тұратын адамдар санына да құрылмаған. Бұл сіздерде қымбат баспанаға жатқызатын нақты өлшемнің жоқтығының белгісі. Соның салдары қымбат баспанаға төленетін салықты шарықтатуға мүмкіндік бермей отыр, -деп атап өтті Спикер.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Салық кодексіне ұсынылып отырған үкіметтік түзетулер көлікке және үйге салықты ұлғайтуда әлеуметтік әділдік және теңгерімдік ұстанымы негізінде өзгертілуге тиістігін қадап айтты.
- Сән-салтанатқа, байлыққа салынатын салық деген осы. Біздің ұстанымымыз айқын: кім қымбат көлік пен зәулім үйге ие, солар салықты көп төлеуге тиіс,-деп нақтылады Нұрлан Нығматулин.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау