• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында қайта өңделген өнім көлемі 5,7 пайызға ұлғайды - облыс әкімі

Жамбыл облысында қайта өңделген өнім көлемі 5,7 пайызға ұлғайды - облыс әкімі

21 Ақпан, 2015 10:03
Жамбыл облысында 2014 жылдың 9 айында аймақтық жалпы өнім 655,3 миллиард теңгеге артып, 2013 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға ұлғайды, деді облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев тұрғындармен болған есепті кездесуінде.

Сондай-ақ ол аймақта өнеркәсіп саласы жақсы жетіліп, өсім 2013 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызды құрағандығын атап өтті.

К.Көкірекбаевтың мәліметтерінше, 2014 жылы облыстың ірі кәсіпорындары аймақ экономикасының өрлеуіне айтарлықтай үлес қосты.

«Олардың арасында «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетістіктерін ерекше айтуға болады. Аталмыш кәсіпорын 2013 жылмен салыстырғанда сары фосфорды 11,4 пайызға, гексаметафосфатты 35,1 пайызға, азот тыңайтқыштарын 7,1 пайызға фосфор тыңайтқыштарын 9,4 пайызға көп өндірді.  Тараз қант зауыты өнім көлемін 42 пайызға, Жамбылдағы цемент шығаратын кәсіпорын өзі шығаратын өнімді 22 пайызға ұлғайтты»,-деді К.Көкірекбаев.   

Барлық жаңалықтар