- Басты
- Жаңалықтар
- Көлік желісін дамыту арқылы жүк ағыны транзитін кеңейту қажет – Ақылбай
Көлік желісін дамыту арқылы жүк ағыны транзитін кеңейту қажет – Ақылбай
ҚР ІІМ хабарлағандай, Парламент Сенатының бастамасымен өткен іс-шараға Парламент депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Отырыста Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай қатысушыларға заңға халықаралық конвенциялардың міндетті талаптары, БҰҰ-ның келісімдері мен ұсынымдары, сондай-ақ шетелдердің зерттеу тәжірибелері негіз болғанын баса айтты. Өз сөзінде ол кездесудің мақсатын және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
С. Ақылбай Елбасының «Нұрлы жол» даму бағдарламасында жолдардың Қазақстанның «өмір жолы» деп айтылғандығына баса назар аударды. Көлік желісін дамыту, жаңа магистральді құру, еліміз арқылы жүк ағыны транзитін кеңейту үшін жолдарда қауіпсіз жағдайды қалыптастыру қажет.
Дөңгелек үстел барысында ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов сөйледі. Б. Бисенқұлов заңнаманы қалыптастыру үшін осы салада мемлекеттік саясаттың іске асуын қамтамасыз етуде пікір алмастырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ ол осы бағытта заңнаманы одан әрі жетілдірудің тиімді жолдарын және өзекті проблемаларды анықтау – осы дөңгелек үстелдің міндеті деп баса айтты.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы И. Лепеха баяндама жасап, онда ол қоғам дамуының заманауи кезеңінде еліміздің автомобиль паркінің қарқынды дамуына, яғни бүгінгі күнде 4,5 млн. бірлік көлікке жетуіне байланысты жол қозғалысын қамтамасыз ету проблемаларының өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар баяндамашы Заңды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген оң нәтижелер туралы депутаттарға ақпарат берді.
Жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік бланктерінің жаңа үлгілері, Пайдаланылатын жолдардың қатерлілік дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережелері, Жүргізушінің көлік құралын дайындау бойынша кәсіби бірлестіктерді аккредиттеу ережесі, Біліктілік комиссиясының қызметін қалыптастыру және іске асыру ережесін, Көлік құралдарына жүргізушілерді дайындау бойынша оқыту процесінде өндірістік оқыту шеберіне және көлік жүргізуді оқыту шеберіне оқытушы болуға үміркерлерді аттестаттауды жүргізу ережесі әзірленді және бекітілді.
Сонымен қатар баяндамада жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін күшейту
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет