• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның жастар конгресі кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдайды

Қазақстанның жастар конгресі кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдайды

20 Ақпан, 2015 14:48
Қазақстанның жастар конгресі кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдайды.

«Қазақстандағы қазіргі жағдай қарама-қайшылықтарға толы әрі күрделі болып тұр. Елдің ішкі жағдайы тұрақты болғанымен сыртқы факторлар қауіп-қатерге толы. Біздің елімізде саяси тұрақтылық, этникааралық тыныштық сақталған, конфессиялар өзара бірлікте өмір сүруде, экономика және бизнес тұғыры мықты. 2014 жылғы дағдарысқа қарамастан экономикалық өсім 4 пайызды құрады. Ал тұрғындардың тыныс-тіршілігі оңалып, жаңа жұмыс орындары ашылуда», - деді Қазақстанның жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Айдын Сәбитов жастар конгресінің үндеуін оқып тұрып.

 Үндеуде сонымен қатар, әлемдік нарықтағы тұрақсыздықты ескере отырып, Қазақстанға жан-жақты ойластырылған саясат жүргізу қажет екендігі айтылған.

«Қазіргі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алдын ала әрі жан-жақты ойлдастырылған қауіпсіздік шараларының нәтижесінде Қазақстан дағдарыс кезінде де экономика мен әлеуметтік салаға қолдау көрсетіп отыр. Ендігі маңызды қадам  алдағы сайлау науқаны барысында  негізгі күшті қажетті бағытқа бағдайрлай білу. Қазақстан қоғамында сонымен қатар жастар арасында да кезектен тыс сайлау мәселесі соңғы уақытта көп талқыланды. Біз Президент сайлауын 2015 жылы өткізу жөніндегі бастаманы толық қолдаймыз. Сайлау науқанының шұғыл түрде өткізілуі  осыған дейін басталған істің заңды жалғасын тауып, «Қазақстан-2050» стратегиясының басым бағыттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,-деді А.Сәбитов. 

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар