Қазақстанда жекешелендіру аясында 24 млрд теңгенің 24 компаниясы сатылды

20 Ақпан, 2015 17:23
Қазақстанда жекешелендіру аясында 24 компания 24 млрд. теңгеге сатылған, деді Алматы қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ «Жекешелендірудің екінші толқыны: Бағдарламаның алғашқы нәтижелері мен оның жаңа экономикалық жағдайлардағы келешегі» атты дөңгелек үстел барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың мәліметі бойынша 2014 жылы жоспарланған 64 активтің 59-ы сатуға шығарылған, 5 активті жекешелендіру мерзімі 2016 жылға шегерілген.  

2015 жылы Қор тобының 17 активін, соның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станцилары» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегис Мунай» ЖШС және т.б. ірі компанияларды сатуға шығару жоспарланып отыр.

Е.Бахмутова Қордың жекешелендіру кезінде экономикалық мақсатқа сәйкестігіне баса назар аударатынын айтты, сатылмаған компаниялардың тағдыры да осы қағидаға сәйкес шешілетін болады.

«Сатылмаған активтерді пайдаланудың бірнеше сценариі бар. Ішкі және сыртқы экономикалық ахуал қиындаған жағдайда Қор активтерді сату мерзімін өзгертіп немесе кейінге шегеретін болады. Бұл жерде бірегей акционер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделері сақталатын болады», - деді ол.

Ұлттық қордың ақпараты бойынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Жекешелендірудің 2014-2016 жылдардағы кешенді жсопарын жасағаны белгілі. 2014 және 2020 жылдар аралығында Қордың 106 нысаны мен активтерін жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттің экономикаға қатысын азайтып,  жеке сектордың үлесін көбейту арқылы экономиканың іргесін мейлінше нығайтуды көздейді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар