• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нің сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету үлесі 2014 жылы 75%-ға дейін артты

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нің сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету үлесі 2014 жылы 75%-ға дейін артты

20 Ақпан, 2015 14:15
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету үлесі 2014 жылы 75%-ға дейін артты, деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Бес жыл ішінде қор отандық бизнеске қолдау көрсету бойынша үлкен табысқа жетті. Сонымен, сатып алудағы жергілікті қамтамасыз етудің үлесі 2010 жылдағы 50%-дан 2014 жылы 75%-ға дейін артт.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның сатып алу үлесі 3,9 трлн теңгені құрады. Сатып алудағы жергілікті қамтамасыз ету үлесі 75% құрады, олардың ішінде 63% тауар бойынша, 82% жұмыспен қызмет бойынша», - деп хабарлады «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ.

Компаниядан хабарлағандай, 2014 жылы отандық бизнеске қолдау көрсету бағдарламасы аясында жаңа өндріс ошағын құру бойынша 13 жоба мақұлдады. Олардың жалпы құны - 20 млрд 756 млн. теңге. Жобаларды жүзеге асыруға 418 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, 2015 жылы Екібастұз СЭС -1 бес кәсіпорынға электр энергия тарифі бойынша жеңілдіктер береді. Олар «ҚазФосфат»ЖШС, «УК ТМК»АҚ, «Тау Кен Темір»ЖШС, «ТМЗ»ЖШС,  «ТЭМК»АҚ. Ал, «KEGOC»АҚ 2015 жылы электр энергия тарифі бойынша жеңілдіктерді 4 кәсіпорынға береді.

Барлық жаңалықтар