- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығына тоқталды
Н.Назарбаев елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығына тоқталды
Кездесу барысында Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоның алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды.
Қазақстан Президенті елдің орнықты өсімі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Агенттік төрағасы сондай-ақ жаңа мемлекеттік қызмет моделінің Тұжырымдамасында белгіленген реформалардың бірінші кезеңін бағалау және мониторинг қорытындылары туралы баяндады.
Жүзеге асыру кезінде барынша пысықтауды және кешенді тәсілдерді қажет ететін бірқатар шаралар атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеу мөлдірлігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін сапалы бағалауды енгізу, оларды оқыту және ынталандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды.
Қ. Қожамжаров Агенттік жұмысының дарындыларды мемлекеттік қызметтен өтудің барлық кезеңінде басқарудың қағидаттары мен тетіктерін енгізу сияқты тұжырымдамалық тұрғыдан жаңа бағыттары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру туралы да айтылды. Оның аясында Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, білім берудің барлық деңгейінде және түрлі мақсатты топтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерін зерттеу қарастырылған.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары