• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Эйр Қазақстан» үшін ұшақтар жеткізушіге операциялық қызмет 2015 жылдың күзіне жоспарланған

«Эйр Қазақстан» үшін ұшақтар жеткізушіге операциялық қызмет 2015 жылдың күзіне жоспарланған

20 Ақпан, 2015 12:56
«Эйр Қазақстан» үшін ұшақтар жеткізушіге операциялық қызмет 2015 жылдық күзіне жоспарланған, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«Біз техниканы жеткізушімен белсенді келіссөз жүргіздік, тендер өткіздік, және аталмыш техниканың болжамды құны туралы келістік. Алайда өзгерістер орын алды. Дағдарыс, девальвация жалпы, баға өзгерді. Сондықтанда аталмыш сұраққа қайта оралдық. Жаңа келіссөздер жүргізудеміз, өткендегі машиналардың бағасын төмендете аламыз деген үміттеміз»,- деді Ө.Шөкеев ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында.

Бұған дейін, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ канадалық машинақұрылысы компаниясы  Bombardier серіктестік келісімге отырған болатын.

«Біз бір компаниямен келіскен болатынбыз, алайда жағдай өзгерді, жаңадан келіссөз жүргізудеміз, жеткізушіні өзгерту мүмкіндігінде жоққа шығармаймыз»,- деп атап өтті ол.

Ө.Шүкеев атап өткендей, ағымдағы жылдың ортасына қарай күзге таман техниканы жеткізу бойынша компанияның операциялық қызметі жоспарланған.

«Біз ешқашан бұл компания бюджеттік болады деген емеспіз. Біз бұл компания жергілікті нарықта жұмыс істейді деген болатынбыз. Бізде Эйр Астана  компаниясы бар, ол жаһандық нарықта жұмыс істейді, Ол өзінің қызметін толықтыруы керек, «Эйр Астаны» бюджеттік компания болмайды»,- деді ҰӘҚ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі тасымал үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құруды тапсырды.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар