- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 2015 жылға арналған бюджетті оңтайландыру мәселесі талқыланды
Жамбыл облысында 2015 жылға арналған бюджетті оңтайландыру мәселесі талқыланды
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, қазақстандық экономикаға ықпал ететін сыртқы факторлар туралы айтты. Ол Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауы осы қауып-қатерге жауап болып табылатынын ерекше атап өтті.
Қаржы министрлігі хабарлағандай, Б.Сұлтанов дағдарысқа қарсы шараларға қатысты Президент тапсырмасын орындау бойынша ҚР Үкіметі қолданатын шаралар туралы хабардар етті. Оның ішінде 2015 жылға арналған Қазақстан бюджетінің шығыстарын оңтайландыру бөлігінде.Осыған байланысты, Министр Қаржы министрлігі бөлімшелерінің жұмысындағы басым бағыт мемлекет бюджеті жоспарының орындалуы болып табылатынын хабарлады. Бақыт Сұлтанов салықтар мен төлемдерді өндіріп алудың толықтығы бойынша жұмысты күшейтуге, сондай-ақ қосымша резервтерді анықтау бойынша жұмысты жандандыруға тапсырма берді. Ол мемлекеттік және уәкілетті органдардың осы бағыттағы үйлесімді бірлескен қызметтің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Министр сондай-ақ Қаржы министрлігі бөлімшелерінің басшыларына бірқатар міндеттер мен тапсырмаларды қойды.
Кеңес шеңберінде Қырғызстанның ҚХР-мен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен шекарасында өткізу пункттерін жайғастыру бойынша Қазақстан Үкіметінің қаржы көмегін көрсету бөлігінде Қырғыз Республикасының Бірыңғай экономикалық кеңістікке толыққанды интеграциялануы бойынша мәселелер де талқыланды.
ҚР Қаржы министрі сондай-ақ сапар барысында Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаменті кинологиялық орталығының жұмысымен және облыстың МКД-нің экономикалық тексерулер қызметінің жұмысымен танысты. Бақыт Сұлтанов бөлімшені техникалық жарақтандырудың сапасына ерекше назар аударды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары