• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте мақта саласын дамыту мәселелері бойынша заңнамаға енген өзгертулер талқыланады

Мәжілісте мақта саласын дамыту мәселелері бойынша заңнамаға енген өзгертулер талқыланады

20 Ақпан, 2015 12:21
Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

 Халық қалаулыларының назарына  мақта саласын дамыту мәселелері бойынша мәселені бірінші оқылымда, ойын бизнесіне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына ТМД қатысушы- мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы  заң жобасы да енгізілген.

Сондай-ақ, мәжілісмендер бейінді комитеттерге  Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға  қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындап, гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы бойынша жұмыстарды ілеспелі түзетулермен одан әрі жалғастырмақ. 

               

Барлық жаңалықтар