• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық -Қазына» қоры мен Ұлттық банк еліміздегі компаниялардың валютаға деген зәрулігі мен олардың мүмкіндіктерін қайта қарап көреді

«Самұрық -Қазына» қоры мен Ұлттық банк еліміздегі компаниялардың валютаға деген зәрулігі мен олардың мүмкіндіктерін қайта қарап көреді

20 Ақпан, 2015 11:52
«Самұрық Қазына» қоры мен Ұлттық банк елімізде жұмыс істеп жатқан компаниялар валютаға қаншалықты зәру және олардың жұмыс істеу мүмкіндіктері қандай деген мәселені қайта қарап көретін болады, деді «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акцционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте.

 «Біз Ұлттық банк өкілдерімен келісіп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әрбір компанияның биылғы жылы валютаны қаншалықты қажет екендігін қайта қараймыз. Осылайша біз бірқатар депозиттерді қайтадан ұлттық валютаға сатуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы шаралар бірте-бірте  және келісілген түрде жүзеге асырылатын болады», - деді  Ө.Шүкеев.

 Оның айтуынша, ұлттық компаниялардың валюталық операцияларына арнайы жүргізілген талдаулары бойынша, 2010 жылдан бері компаниялардың 40 пайызға жуығы депозиттерді ұлттық валютада ұстап отыр. «Бұны инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша туындаған қажеттілік деп түсіндіруге болады. Осылайша біздің компаниялар теңгенің бағамын ұстап тұруға қолдау көрсетті. 2014 жылы валюталық нарықта біздің компаниялар 9,2 миллиард доллар сатса, өндірістік қажеттіліктер үшін 5,7 миоллиард долларды сатып алған. Жалпы алғанда біздің компаниялардың валюталық депозиттері екінші деңгейлі банктердегі барлық валюталық депозиттердің 7 пайызын құрайды», - деді басқарма төрағасы.

Сондай-ақ ол «Самұрық Қазына» қорының еншілес компаниялардың өндірістік қажеттілік болмаса валюталық операциялар жүргізулеріне тыйым салатын арнайы корпоративті стандарт қабылдағандығын жеткізді.

Камила Амирова 

 

Барлық жаңалықтар