- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы күшейтіледі - ДСӘДМ
2015 жылы пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы күшейтіледі - ДСӘДМ
Аталған қызметтерді әрі қарай жетілдіру үшін 2014 жылы денсаулық сақтау басқармалары мен оларға қарасты медициналық ұйымдар арасында қол қойылған меморандумдарға толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Атап айтқанда, қызметкерлер санын арттыру (оларды білікті және жауапты медициналық қызметкерлермен жасақтау), сенім телефондарының тиімді қызметін ұйымдастыру; медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының және өңірлік call-орталықтардың сенім телефондарының нөмірлерін тіркеу және қабылдау бөлімдерінде, дәрігерлер бөлмесінде және пациенттер отыратын өзге де жерлерге орналастыру бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, өңірлерде (облыстар, Астана мен Алматы қалалары) білікті дәрігерлермен жасақталған, пациенттердің туындаған барлық мәселелерін шешуі тиіс тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтар қызметін ұйымдастыру шараларын іске асыру қарастырылуда.
Еске сала кетейік, медициналық қызметтер сапасының негізгі индикаторының бірі тұрғындардың арыз-шағымы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір азаматы денсаулық сақтау саласына қатысты өз пікірін кез-келген деңгейде ашық айтып, медициналық қызметтер сапасын жақсартуға қатыса алады.
Туындаған мәселелерді барынша тез шешу үшін пациенттер ең алдымен әрбір медициналық ұйымда құрылған пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне тікелей хабарласуы керек.
Айта кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр