Ақтөбеде 1090 жылжымайтын мүлік жария етілді

20 Ақпан, 2015 16:31
Қазіргі таңда сәйкес комиссияға 2768 нысанды жекешелендіретін 1441 арыз келіп түсті.

Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үйлерді, қосымша құрылыстарды жария ету бойынша да  өтініштер бар.

Жылжымайтын мүлікті жария ету комиссиясының төрағасы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ербол Қалдығұлов ақпарат бергендей, 17 ақпанға 1332 өтініш (2526нысан) қаралып, олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды: 745 өтініш (1432 объекті) қайтарылды, 584 өтініш (1090 нысан) бойынша объектілер жария етілді, 3 өтініш (4 нысан) бойынша жария етуден бас тартылды. 109 өтініш қаралу сатысында.Аталған Заңның 7 бабының 5 тармағына сәйкес мүлікті жария етуге ұсынылатын құжаттар себептері көрсетіле отырып, мұндай жағдайларда қайтарылуға жатады.

Тұрғындарды жария етуді жүргізу туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында комиссия мүшелерінің БАҚ-та шығып сөйлеуі, Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтына қажетті материалдар орналастыру ұйымдастырылды. Азаматтарды жария етуді жүргізу жөніндегі және комиссияның орналасқан жері туралы ақпарат сауда үйлеріндегі және базарлардағы радиорубкалар арқылы да берілетін болады.

Барлық жаңалықтар