• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Қайыпова: ҚР Конституциясына 20 жыл толуы - азаматтық бастамалардың эволюциялық көрінісі (Видео)

Б.Қайыпова: ҚР Конституциясына 20 жыл толуы - азаматтық бастамалардың эволюциялық көрінісі (Видео)

20 Ақпан, 2015 15:49
2015 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толады. Аталған жәйт еліміздің азаматтарының бастамаларының эволюциясы мен Конституцияның жылдан-жылға жетіліп келе жатқандығының көрінісі, дейді ҚР Президенті мұражайының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

«Меніңше, бұл әрбір қазақстандық үшін, еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті жыл. Өйткені, Конституция әрбір мемлекеттің мемлекеттілігінің паспорты іспеттес. Біз Конституция мемлекеттің құрылым жүйесін анықтап, негізгі мәселелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын да белгілейтін фундаменталды мемлекеттік-құқықтық құжат деп айтуды әдетке айналдырдық. Бұл дұрыс. Конституция сонымен қатар мемлекеттің барлық заңдық аспектілер бойынша толық қалыптасып үлгергендігінің дәлелі де»,-деді ғалым.

Бұл ретте ол 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституцияның елімізде азаматтық қоғам имен мемлекет ұстанымының қалыптасып келе жатқандығының, жалпы алғанда мемлекет пен қоғамның дамып келе жатқандығын ең жоғарғы көрсеткіші екендігін ерекше айтты.

«Конституцияның 10 жылдық мерейтойын атап өткен кезде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде «Конституцияны мұқият зерттеу  демократияның ең үлкен мектебі. Қазақстандық қоғамның алдында тап осы міндет тұр», - деген болатын. Ал Конституциямыздың 15 жылдығында Елбасы «15 жыл мемлекет дамуындағы қас-қағым ғана сәт. Бірақ осы қас-қағым сәтте қазақ халқының мыңдаған жылдарғы үміті мен арманы, олардың бостандық пен тәуелсіздікке деген жанкешті ұмтылысы жатыр»,-деді. Ал 20 жылдың қарсаңында қазақ халқының Конституциямен бірге өресі өсіп келе жатқандығын көруге болады», -деді Б.Қайыпова.     

Бұған қоса ол еліміздің басты заңына осы уақытқа дейін енгізілген өзгерістер еліміздің дамуы мен Конституцияның жетіліп, эволюцияланып келе жатқандығының көрінісі және өз кезегінде мемлекеттің демократия принциптеріне қарыштап қадам басуына мүмкіндік жасап отыр. «Бір жағынан ол азаматтық бастамалардың жеке азамат ретінде де қоғамдық институт өкілдері ретінде де эволюцияланып келе  жатқандығын айқын көрсеткіші»,-деді директордың орынбасары.

 

 

Барлық жаңалықтар