- Басты
- Жаңалықтар
- Алты елдің әскери қызметшілері ҰҚҰ қатысушыларымен бірге ұлттық қауіпсіздік негіздерін оқу курсынан өтті
Алты елдің әскери қызметшілері ҰҚҰ қатысушыларымен бірге ұлттық қауіпсіздік негіздерін оқу курсынан өтті
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Белорусья, Тәжікстан мемлекеттерінің мамандары қатысып, РФ ҚК БШ Әскери академиясында оқу курсынан өтті. Біздің елімізден де арнайы курстың тыңдаушысы ретінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев қатысты.
Дәрістерде әскери және ұлттық қауіпсіздіктің, әскери стратегия, басқару, экономика туралы ерекшеліктер қаралды, сондай-ақ еуразия кеңістігіндегі халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының рөлі мен орны зерделенді. Тәжірибе сабақтарында тыңдаушыларға белгілі жайттар бойынша тапсырмалар берілді.
Әр тыңдаушы ол жағдайды бағалауға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік биліктегі жоғарғы лауазымды тұлғалардың әскери, саяси шешімдерін қабылдауға ұсыныс жасауға тиісті болды. Осындай бірлескен оқу сабақтары бірінші рет өтуде, алда осы шараны жыл сайын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұның нәтижесі мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Келісім ұйымы ауқымында мемлекеттер арасындағы байланысты нығайтуға әкеледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері