ШҚО құтқарушылары ҚР ІІМ ТЖК 7-Спартакиадасының жеңімпазы атанды (Фото)

20 Ақпан, 2015 20:43
Риддерде шаңғы жарысы бойынша ҚР ІІМ ТЖК 7-Спартакиадасының жабылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР ТЖК.

«Жеңімпаздар анықталғанға дейін бүгінгі күннің бірінші жартысында облыстық департаменттің өкілдері республикалық жарыстардың 2-кезеңін артқа тастады.

Эстафетада әр командадан 4 спортшыдан қатысты. Құрама үш еркек және бір әйелден тұрды. Әр қатысушы 2,5 шақырым арақашықтықтан өтуі керек болды», - делінген хабарламада.

Теке-тірес күрестің нәтижесінде Шығыс Қазақстандықтар алға суырылып шығып, екінші болып – Астана қаласының спортшылары шықты. Алматылықтар үшінші орынға жайғасты.

Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша ҚР ІІМ ТЖК 7-Спартакиадасының екі күнінің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті нағыз жеңімпазы болды. 2-орынды Астана қаласының ТЖД және қола жүлдені Ақтөбе облысының ТЖД иеленді.

 

Барлық жаңалықтар