- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзия Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5-ші Съезіне қатысуға мүдделі
Малайзия Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 5-ші Съезіне қатысуға мүдделі
Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық дипломат малайзиялық өкілге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлідіндерлидерлеріСъезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2015 жылдың 10-11 маусымында Астана қаласында өтетін 5-ші Съезге шақыру хатын табыстады.
С. Абдулла өз кезегінде алғыс білдіріп шақыру хатты қабылдады және Қазақстанның Астанасына баратындығын мәлім етті. GMM-нің Басдиректоры «дін бостандығы мәселесінің қазіргі әлемдегі ерекше маңыздылығын» атап өтіп, осыған орай, Съез қатысушыларымен бұл маңызды саладағы GMM-нің және Малайзия басшыларының тәсілдерімен бөлісуге даярлығын жеткізді.
Сонымен қатар, С. Абдулла конфессияаралық және этносаралық үндестікті қолдаудағы Қазақстанның тәжірибесіне үлкен қызығушылық білдіріп, «Малайзия мен Қазақстан халықтары құрамының этноконфессиялық ұқсастығын есепке ала отырып, біздерге Сіздер атқарған істерді үйренуіміз керек» деп атап өтті.
Кездесу нәтижесінде тараптар «GMM – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» және «GMM – Қазақстан халқы Ассамблеясы» бағыттары бойынша жүйелі байланыстар орнатудың мақсатқа сай екендігі туралы ортақ ойға келді.
5-ші дінаралық Съезге С. Абдулланың қатысуы форумның интеллектуалдық қоржынына маңызды үлес қосып, Қазақстан мен Малайзия арасындағы жаппай бейбітшілікті ілгерілету мен төзімділік және өзара түсіністік саласындағы ынтымақтастығының орнығуына берік негізін салады.
GMM-нің тарихы, 2010 жылдың қыркүйегінен, Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Разактың БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясының трибунасынан жаһандық деңгейде ұстамдылық үдерісін ілгерілету, азаматтық қоғам институттарын дамыту, радикалды тұжырымдамаларға қарсы күресу мақсатында жеке құрылымдық құруға шақыру бастамасын қолға алған сәттен бастау алады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар