ҮИИДМБ: 2015 жылы Қазақстан кәсіпорындарында 75 мың жұмыс орны ашылады

20 Ақпан, 2015 11:04
2015 жылы Қазақстан кәсіпорындарында шамамен 75 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов.

 «Биылғы жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде, бірінші кезекте «Нұрлы жол» бағдарламасы мен индустрияландырдудың екінші бесжылдығын іске асыру кезінде 170 мың адам жұмысқа тартылады деп күтілуде»,-деді  Ә.Исекешов Мәжілісте.

Бұл ретте республикалық және аймақтық бағыттағы жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстары кезінде 100 мыңға жуық адам тартылатындығын атап өту керек. Сондай-ақ логистикалық темір жол нысандарын салуға 15 мың, екінді бесжылдықтың нысандарын салу ісіне 45 мың адам тартылады.

Ведомство басшысы сонымен қатар 2015 жылы 75 мың азаматты тұрақты жұмыспен қамтитын 75 жобаның жүзеге асырылатындығын атап өтті. «Жалпы алдағы 5 жылға болжам жасайтын болсақ, біз 200 жобаны жүзеге асырып, оның аясында 50 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар