• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында отырыс өткізді

Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайында отырыс өткізді

4 Қазан, 2013 12:37
Бүгін Қазақстан қорғаныс ведомствосында Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қорғаныс министрлігі әскерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Комиссия әскери ортада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бұдан да тиімді жұмыс істеуі керек. Командирлер жеке құрамға осы проблеманың мүмкін болатын нақты зардаптарын жеткізіп, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруы керек», – деп Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдад Майкеев  атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша 2013 жылдың 8 айында Қарулы Күштерде 16 сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған.

Жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы үшін арнайы тексеруді жүргізетін механизмдер де қарастырылған. Бұл ретте осындай тексерістен өтпеген тұлғалар әскери қызметтен шығарылатын болады.

«Комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары тек жазалаумен ғана шектелмек емес, әскерлерде жемқорлыққа қарсы тұру механизмдерін жасау болып табылады. Әскери қызметшілер әскери қызметтерін лайықты жағдайда өткеру керек. Біз бүгін Қарулы Күштердің беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қабылдаған әскерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы әрбір әскери қызметшіге жеткізіп отыруымыз керек», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор  Бағдад Майкеев.

Кеңеске қатысушылар 2014 жылға арналған Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын талқылады. Бұл құжат жауапты лауазымдарға қабылданар алдында міндеттемелер қабылдай отырып, айрықша жоғары талапты бекітетін лауазымдар тізімін ұлғайтатын болады. 

Барлық жаңалықтар