Ақтөбеде жетім балаларға білім гранттары табысталды

4 Қазан, 2013 12:35
Кеше, 3 қазан күні «Бөбек» қоры жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар балаларына білім гранттарын табыс етті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

««Бөбек» қоры жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар балаларына білім гранттарын табыс етті», - деп хабарламада нақтыланған.

Биылғы жылы «Бөбек» қоры жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар балаларына жоғары оқу орындары мен  техникалық  және кәсіптік білім мекемелерінде оқу үшін  70 арнайы білім гранттарын  бөліп отыр.

Ақтөбе облысы бойынша  2012-2013 жылы 4 студентке грант берілсе,  биылғы оқу жылында 5 грант бөлінді: 3 – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты және 2 – Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студеттеріне берілді. 

Барлық жаңалықтар