• Басты
  • Жаңалықтар
  • Румыния энергетикалық салада Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтуге мүдделі - СІМ

Румыния энергетикалық салада Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтуге мүдделі - СІМ

19 Ақпан, 2015 20:08
Румыния энергетикалық саласында Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтуге мүдделі. Бұл жөнінде Румынияның Энергетика министрі Андрей Джеря ҚР Елшісі Дәулет Батырашевпен ү.ж. 17 ақпанда Бухарест қаласында өткен кездесу барысында айтып өтті.

ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар екі елдің энергетикалық ынтымақтастығы мәселелерін, соның ішінде қазақстандық энерготасымалдаушыларын экспорттау үшін Констанца теңіз портын пайдалану перспективаларын талқылады. Қазақстандық дипломат, соңғы жылдардағы екі елдер арасындағы тауар айналымының өсуін және экономикалық ынтымақтастығы салаларының кеңейуін атап өтті.

Сонымен қатар, Д. Батырашев А. Джеряны «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауы мақсаттарының іске асыру турасында, көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту саласындағы стратегиялық басымдықтары жөнінде хабарлады. Қазақстаның ұзақ мерзімді жоспарларын іске асыруда Еуропалық Кеңесінің «оңтүстік қақпасы» ретінде Румыния маңызды орын ала алатындығын айрықша атап өтілді.

А. Джеря Орталық Азия өңіріндегі Румынияның негізгі әріптесі ретінде елімізбен ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанның экспорттық бағыттарын әртараптандыру жоспарлары мен энергетикалық қамтамасыздану альтернативті мүмкіндіктері екі елдің мүдделеріне жауап беретіндігін айтып өтті. Министр Румыния мен Қазақстан арасындағы саяси ынтымақтастығының өзара түсіністігі сақталып, екі елдердің өзара тиімді экономикалық ынтымақтастығына жағымды жағдай жасайтындығын пайымдады.

 

Барлық жаңалықтар