• Басты
  • Жаңалықтар
  • Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері Қазақстанның ЖІӨ көлемі 2015 жылы 1,5 пайызға өседі деп жоспарлауда

Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері Қазақстанның ЖІӨ көлемі 2015 жылы 1,5 пайызға өседі деп жоспарлауда

19 Ақпан, 2015 16:41
Қазақстанның экономикасы 2015 жылы 1,5 пайызға өседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті Мақсат Мұқанов мәлім етті.

«Ел экономикасының биылғы жылғы өсімі 1,5 пайызды құрайды деп болжам жасап отрымыз.  Бұл әрине мұнай бағасы барреліне 50 доллар болған жағдайда, ал инфрақұрылымдық жобалар сәтімен жүзеге асырылған жағдайда өсім бұдан көбірек болуы ықтимал»,-деді М.Мұқанов.

Сарапшының айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы Қазақстанның сауда әріптестері мен мұнайды пайдаланушы елдердің жағдайларына оң ықпал етуі мүмкін. «Мұндай мемлекеттердің қатарына қазір бірқатар еуропа елдері мен Қытайды жатқызуға болады. Онда бұл елдерде мұнайға деген сұраныс артып, оларға шығарылатын экспорт көлемі де артатын болады»,-деді акционерлік қоғам президенті.  

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар