• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2015 жылы жазда «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технологиялық паркі» АЭА-ның құрылысы басталады

Қазақстанда 2015 жылы жазда «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технологиялық паркі» АЭА-ның құрылысы басталады

19 Ақпан, 2015 16:29
Қазақстанда 2015 жылы жазда «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технологиялық паркі» АЭА-ның инфрақұрылымының құрылысы басталады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен брифингінде.

«Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту аясында Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық  Батыс жобалары бойынша  1019 км жұмыстар жалғастырылады, жыл қорытындысы бойынша 272 км пайдалануға беру жсопарлануда. Сонымен, 2015 жылы жазда «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технологиялық паркі» АЭА-ның құрылысы басталады», - деп сендірді министр.

Сонымен қатар, салалық ведомсвоның басшысы, «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА құрылысы  2016 жылы аяқталатынын жеткізді.

 Е.Досаев толықтырып өткендей, ағымдағы жылы энергетикалық ифрақұрылымдары дамыту үшін жалпы ұзындығы 600 км болатын  «Екібастұз - Семей - Өскемен» 500кВт әуе электрэнергия желісінің 200 км салынады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар