• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көлік саласына құйылған 1 млрд доллар инвестиция 20 мыңнан астам жұмыс орнын береді - Мұқанов

Көлік саласына құйылған 1 млрд доллар инвестиция 20 мыңнан астам жұмыс орнын береді - Мұқанов

19 Ақпан, 2015 15:56
Экономикалық зерттеулер көрсеткендей, көлік саласына құйылған 1 млрд доллар инвестиция 20 мыңнан астам жұмыс орнын береді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов хабарлады.

«Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, көлік, инфрақұрылым салаларына инвестициялау экономиканың өсіміне тиімді әсер етеді. Әр доллар салаға бір жарым доллардай табыс әкеледі. Мәселен, экономикалық зерттеулер көрсеткендей, көлікке 1 млрд долл көлемінде инвестиция 20 мыңнан астам жұмыс орнын береді», -деді М. Мұқанов.

Осы ретте, Мұхановтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы инфрақұрылымдарды дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орныдарымен қамтамасыз етеді, аймақтардың өндірістік мүмкіндігінің кеңістігін кеңейтіп, шағын және орта бизнестегі шығындарды төмендетеді.

Оның үстіне, сарапшының пайымынша Қазақстанның географиялық орналасу ерекшелігін ескере отырып, бұл жаңа көліктік-логистикалық мүмкіндіктердің дамуына септігін тигізеді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар