- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ҚР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңнамасына енгізілетін өзгерістерді мақұлдады
Сенат ҚР денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңнамасына енгізілетін өзгерістерді мақұлдады
Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында және 2012 жылғы желтоқсандағы «Қазақстан-2050 стратегиясы». Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Заң жобасының басты мақсаты: медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру болып табылады.
Заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе кеңінен қолданылды. Клиникалық зерттеулерді құқықтық реттеу мақсатында денсаулық сақтау жүйесін нығайту жөніндегі Таллин хартиясының ережелері, инфекциялық емес аурулар және салауатты өмір салты туралы Мәскеу декларациясы, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы, дәрілік препараттарға қатысты Еуропа Парламенті мен Еуропалық Одақтың директивалары пайдаланылды.
Ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар фармацевтикалық сектор, ағзалар мен тіндерді транпланттау, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаларды құқықтық реттеу, телемедициналық қызметтер көрсету, ұлттық медицина дәрежесін және азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелерін реттейді. Бұл шаралар медициналдық көмектің қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жалпы, әр елде денсаулық сақтау саласын нормативтік реттеу шараларының өзіндік ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлығына ортақ нәрсе – медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, әкімшілік шараларды оңайлату, бюрократизмді азайту, медициналық көмек сапасының жаңа өлшемдерін әзірлеу және науқастармен арада кері байланыс орнату қағидалары болып табылады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы