• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту мәселесі талқыланды

Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту мәселесі талқыланды

19 Ақпан, 2015 15:21
Облыс әкімдігінің ғимаратында ғылыми-интеллектуалдық ақпараттық топтың отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдық мерейтойын атап өту туралы» мәселесі қаралды.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, топ құрамына облыстың қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан, аға буын өкілдері, ғалымдар, білім, мәдениет қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары, еңбек және қоғамдық қызметте мол тәжірибесі бар облыстың абыройлы тұрғындары енді.

Айта кетейік, 2012 жылдан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан ғылыми-интеллектуалдық ақпараттық топ құрылып, жұмыс жасауда.

Топ жұмысының мақсаты – мемлекеттік саясатты насихаттау, қоғамдық пікір қалыптастыру, жоғарғы ұлттық рухани салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды дамыту, жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанға еңбек және қызмет етудің күшті салт-дәстүрін жеткізуде аға буынды тарту болып табылады.

 

 

Барлық жаңалықтар