• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда импорт алмастырудың белсенді саясаты қайта қалпына келтіріледі

Қазақстанда импорт алмастырудың белсенді саясаты қайта қалпына келтіріледі

19 Ақпан, 2015 14:43
Қазақстанда импорт алмастырудың белсенді саясаты қайта қалпына келтіріледі, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде.

«Қазақстандық қамту  шараларын күшейту мақсатында импорт алмастырудың белсенді саясаты қайта қалпына келтіріледі. Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы басталды. Ол қазақстандық сауда нарықтарында отандық тауар өндірушілерге басымдық беру әрекеті", - деді ол

Е.Досаев атап өткендей, жергілікті қамтуды кеңейту мақсатында  тауар сатып алу, ірі кәсіпорындар  мен ұлттық компаниялармен 407 меморандум түзілді. Оның құны 1,4 трлн теңгені құрайды. Үкімет мүшелері аймақтарға барған жұмыс сапары барысында 127 түзілді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 11 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету ретінде жалпыұлттық «Қазақстанда жасалған» акциясын бастауды тапсырған болатын.

«Барлық қазақстандықтардан  осындай қиын кезеңде өзіміздің тауарларды сатып алуды сұраймыз. Бұл Қазақстан экономикасына тигізген көмегіміз болсын», - деді министр.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар