• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елімізде бизнеске қатысты жағдайды жетілдірудің институционалдық және құрылымдық реформалары жеделдетілетін болады

Елімізде бизнеске қатысты жағдайды жетілдірудің институционалдық және құрылымдық реформалары жеделдетілетін болады

19 Ақпан, 2015 14:51
Елімізде бизнеске қатысты жағдайды жетілдірудің институционалдық және құрылымдық реформалары жеделдетілетін болады, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдегі бизнеспен байланысты жағдайдың институционалдық және құрылымдық реформалары жеделдетілетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар экономиканың басым бағыттағы салаларына инвестициялық басымдықтар беру мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен түрде тарифтік саясатты жүзеге асыру арқылы  іске асырылады»,-деді министр.

Сонымен қатар, ол биылғы жылы шағын қаржы ұйымдарымен құрылымдық және институцоналды реформаларды бірлесіп жүргізу жөніндегі келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары басталатындығын атап өтті. Бұл бағытта сондай-ақ ғылым мен инновацияларды ынталандыру, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалардағы кадрларды дайындау мен қайта дайындау жүйесін дамыту, бизнес-инвестициялық климатты жаңғырту сияқты мәселелер де басты назарда болады.  

 «Шағын қаржы ұйымдарын тарапынан 322 миллиард теңге бөлінеді, ал Үкімет тарапынан бөлінетін қолдау қаржылары 39,2 миллиард теңгені құрайды. 2015 жылы 33 бірлескен жоба жүзеге асырылады деп күтілуде», - деді Ұлттық экономика министрі.   

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар