- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды қабылдады
Сенат балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңды қабылдады
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, заң жобасының негізгі мақсаты балаларды зиянды ақпараттан қорғауды, балалардың өз жасына лайық ақпаратты алуға және таратуға құқықтарын іске асыруды, сондай-ақ олардың ақпарат кеңістігіне жағымсыз ақпараттың енуінен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
«Құжатта ақпарат өнімдерінің сараптама жүргізу тетіктері бекітілді, сарапшыларға қойылатын талаптар, сарапшылар мен сараптама ұйымдарын тіркеу тәртібі белгіленді, осы саланы реттейтін мемлекеттік органдардың құзыреттері ажыратылды. Палата ілеспе заң жобасын екі оқылымда қарағаннын кейін оны да қабылдады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, сенаторлар Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және осы келісімді іске асыру тәртібі туралы Атқару хаттамасын ратификациялады. Келісім екі мемлекеттің аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтаудың және қауіпсіз әрі ретімен қайтарудың тиімді рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай адамдардың транзитіне ықпалын тигізетін болады.
Палата Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімін ратификациялады. Құжатты қабылдау сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, өзара сауда көлемін ұлғайтуға және тұрақты экономикалық өсімді қолдауға жағдай жасайтын болады.
Депутататтар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, регламентке сәйкес түзетулерімен Мәжіліске жіберді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді