- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Елбасына кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы мәселені қарауды өтінді
Сенат депутаттары Елбасына кезектен тыс Президент сайлауын тағайындау туралы мәселені қарауды өтінді
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, үндеуді оқыған жоғарғы Палатаның басшысы Уақыт талабынан туындап отырған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болып, қазақстандық қоғамда оң пікірлер туғызғанын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, халықаралық ахуал шиеленіскен, әлемде қақтығысты жағдайлар туындаған және жаһандық экономикадағы дағдарыстық құбылулар орын алып отырған уақытта ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етіліп, әлемнің ең дамыған елдерінің тобына кіру мақсатын көздейтін ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын, «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс.
Сенаторлар Үндеуінде Елбасының дана және мықты көшбасшылығының арқасында Қазақстан халқы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы барлық қиындықтарды абыроймен еңсергені айтылды: «Сіз тәуелсіздік жылдарында дамыған нарықтық экономикасы, халықаралық қоғамдастықтағы беделді ұстанымдары бар табысты мемлекет құра білдіңіз. Сондықтан да, қазақстандықтардың бүгінгі таңдағы барлық жетістіктерін: тұрақты экономикалық өсуді, демократияның дамуын, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік игілігін Сіздің есіміңізбен байланыстыруы заңды».
Жоғарғы Палатаның басшысы Қазақстан өз дамуының жаңа сатысына аяқ басқанын атап өтті. Осы орайда, деді ол, белгіленген реформаларды одан әрі жүргізуге бағытталған Елбасының бағдарын табысты жүзеге асырудың сөзсіз шарты болып табылатын тұрақтылықтың маңызы зор. «Біз, Парламент Сенатының депутаттары, Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу елімізде бейбітшілікті, бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал ететіндігіне сенімдіміз», - деді Қ.Тоқаев.
Сенаторлар М.Алтынбаев, М.Бортник, Г.Ким, Е.Сағындықов, Б.Бекназаров Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдап сөз сөйледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Президент жолдауынан басталған игі істер